Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева

Основан 1996 году

Архитектурно-строительный факультет


"Дизайн және ИГ" кафедрасында шығармашылық емтиханы бойынша онлайн консультациялар басталды

     Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Сәулет-құрылыс» факультетінің, «Дизайн және инженерлік графика» кафедрасында талапкерлерге арналған шығармашылық емтихан бойынша онлайн режимде консультациялар өтуде.  Шығармашылық емтихан талапкерлердің бойында шығармашылық қабілеттердің және шығармашылық бағыттағы кәсіптерді меңгеруге тұлғалық алғы шарттардың болуын анықтауға бағытталған. Дизайн мамандығына түсем деген талапкерлердің міндетті түрде мамандық бойынша арнайы орта білімі болуы шарт. Қабылдау комиссиясының, университет әкімшілігінің қарауына сәйкес ерекше жағдайда, алғашқы сурет практикалық дайындығы (бейнелеу өнері студияларын біріктірген) бар және орта білімді дарынды талапкерлер түсе алады, егер олардың көрсеткен жұмыстары іріктеу комиссиясы тарапынан жоғары бағаланып, мақұлданса. Дизайн мамандығына түсуші талапкерлер төмендегідей қабілеттерге ие болуы керек: 

- талапкер жоғары интеллектуалды және жалпы білімді деңгейде болу;

- терең білімін көрсетуі, бейнелеу өнері теориясының дұрыс жолын таба білу;

- шынайы (реалистік) тұрғыда бейнелеп көрсету заңдарын, қарапайым техникалық дағдыларды сауатты қолдана отырып, кәсіби қолдана білуі қажет.

        «Сурет» емтиханына ұсынылған талаптар:

• бейнеленудегі нысандарды қағаз бетіне композициялық тұрғыда орналастыру;

• нақнұсқаның құрылымды өзара-өлшемдік қозғалыстарын табу;

• адам тұлғасының буындарының құрылымдарына сараптама жасау;

• жалпы реңнен нақты реңдерге көшу;

• жұмыстың нақты мінездемесін бейнелеп көрсетіп аяқтау.