Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева

Основан 1996 году

Архитектурно-строительный факультет


"Дизайн және инженерлік графика" кафедрасы бойынша ашық кураторлық сағат өткізілді

Діни экстремизмнің алдын алу

      Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Әлеуметтік және азаматтық даму департаменті тапсырысымен «Дизайн және инженерлік графика» кафедрасы білім алушылар арасында діни экстремизмнің алдын алу шараларын жылда өткізіп келеді. Осы мақсатпен білім алушыларға әдістемелік бағдар беріп, зайырлылық қағидасын дұрыс ұғыну үшін кафедрада академиялық топтар арасында діни толерантты, санасы ашық, сыни ойлау қабілеті ұшталған жастарды тәрбиелеу бойынша кураторлық сағаттар ұйымдастырылып отырады. жүргізу мақсатында болатын. 

7 қазан күні «Дизайн және инженерлік графика» кафедрасының Диз-53 тобының  студенттері, топ кураторы аға оқытушы Э.Ә. Ералы және кафедра бойынша аға куратор Б.Б. Белесарованың қатысуымен кураторлық сағат өткізілді. Кездесу барысында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары, зайырлылық принциптері, ұлттық дәстүр мен діннің сабақтастығы, деструктивті культтер, экстремистік ұйымдар мен ағымдар әрекетінің негізгі сипаттары, Араб елдеріндегі діндегі айырмашылықтардан туындайтын проблемалар жайлы және діни экстремизмге қарсы тұру амалдары , т.б. мәселелер қарастырылды. Сондай-ақ, Университет қабырғасындағы Әлеуметтік және азаматтық даму департаментінің «Теолог» маманы Дәрібай Мұратбек Оңталапұлының ұсынған сенім телефоны мен әлеуметтік желілердегі парақшалар туралы ақпарат берілді.