"Дизайн және инженерлік графика" кафедрасы бойынша ашық кураторлық сағат өткізілді.

 

«Дизайн және инженерлік графика» кафедрасы бойынша 

1 курс студенттерімен өткен кураторлық сағат 

ЕСЕБІ

Өткізілген күні: 3.02.2020

Аудиториясы: 503 а

Тақырыбы: «Діни экстремизмге қарсымыз»

Қатысқандар: Диз-11, (15 студент) Диз-13 (8 студент)

Топтың кураторы: аға оқытушы, дизайн магистрі. Белесарова Бахыт Бахтияровна

Қатысушы: Әлеуметтік және азаматтық даму департаментінің бас маманы дінтанушы, Дәрібай Мұратбек Оңталапұлы.

Мақсаты:

 а) Студенттерге экстремизм,терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру;

 ә) Студенттерге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу;

 б) Студенттерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру.

 Өтілу түрі: ойталқы, пікірталас.

Көрнекілігі:  слайдтар,суреттер, Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі, дін саласындағы негізгі мәселелер бойынша материалдар жиынтығы.

 

Кураторлық сағатының жүргізілу барысы. Алғы сөзді топтың кураторы Белесарова Б.Б студенттерге жалпы Діни экстремизмге қарсымыз тақырыбына әңгімені бастап кетті.

Сұрақ Дін дегеніміз не? Сіз қандай діндерді білесіздер?

Экстремизм дегенімізді қалай түсінеміз? - деген сұрақтарға студенттерге түсіндіріп, экстремизм деген латын сөзі «ең соңғы, ақырғы, төтенше», «шеттеу», яғни орталықтан ауытқу, тәртіпке бағынбау, өз пікірімен ғана іс - әрекет жасаушы деген ұғымды білдіреді. Экстремизмнің пайда болуы надандыққа, көрсоқырлыққа бейімделген көзқарастардан туындайды, яғни олардың ойы «тек қана менің пікірім дұрыс, өзгенікі бұрыс дегенге саяды». Бұл оның ең алғашқы кезеңдері болып саналады. Сондай ақ тағы бір көрінісі - өзгелерді көре алмау, түсінбеу немесе түсінгісі келмеу. Олар өздерін өте таза, кіршіксіз санап, басқаны адасушыларға жатқызады. Тура жол көрсеткендерді мойындамайды. Міне осы себептерден, түрлі төңкерістер мен қантөгістерден орын алуы ықтимал екені туралы айтып өтті.

   Кураторлық сағатымыздың қонағы «Әлеуметтік және азаматтық даму департаментінің бас маманы дінтанушы, Дәрібай Мұратбек Оңталапұлы, дін туралы әңгімені ары қарай жалғастырды.

 

Экстремизм діндегі жеңілдеткен үкімдерді ауырлатып көрсетіп, халыққа түймедейді түйедей етіп көрсетеді де тұрады.  Мұсылмандық адал, таза тіршілікті лайлауға барынша тырысып баққан, бөгде, бөтен пасық пиғылды адамдардың өңмеңдеп арамызды арамдап жатқан жасырын емес. Сол ағымдардың алдауына, азғыруына көніп, солардың қарамағына ілінген, қарагөз бауырларымызды ойлағанда, жаман бір өкінішті сезесің. Қаншама қазақ бауырларымыз діни сауатсыздықтың, рухани дүниенің таяздығы салдарынан осы теріс ағымдардың қол - шоқпары бола, солардың жыртысын жыртып, сойылын соғып жүр. Әрине, экстремизмнің түрлерінің бәрі – терроризм, расизм, этноцид, геноцид – бәрі де күш қолдануға сүйенген екені жайлы түсіндіріп өтті.   Сонымен қатар кураторлық сағатымыздың қонағы Дәрібай Мұратбек Оңталапұлы студенттерге сұрақ қойып, қандай дінге сенесіздер деп сұрақ алмасып отырды. Студенттердің көбісі ислам дініне сенетіндіктерін айтып, исламға деген үйдегі тәрбиесі жайлы айтып кетті.

Биыл Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы болып отыр, осыған орайда Дәрібай Мұратбек Оңталапұлы студенттермен әңгіме қозғап кетті. Студенттерден Абай атамыздың қандай өлеңдерін білесіздер? Қандай қара сөздері бар деп сұрақтар қойылды. 

 Студенттердің басым көпшілігі Абайдың өлеңдерін мектеп кезеңінен білетіндерін айтып өтті. Топ арасынан Имамхажы деген студент Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңдерін оқып өтті. Осы өлеңнің астарында қандай ой жатқанын, қаншалықты мәні зор айтылып тұрғанын Дәрібай Мұратбек Оңталапұлы студенттерге мән мағынасын терең түсіндіріп айтып берді. 

Қорытынды: 

Қазіргі күні бір Қазақстан емес, Евразия кеңістігін мекендеген мұсылман халықтарының басына түскен басты нәубет – діни экстремизм десек жаңылыспаймыз.

Елбасымыздың айтқандай, татулық пен келісім «біздің көп ұлтты үйде – бұл Қазақстанның басты игілігі». «Біздің негізгі мақсатымыз – халықтың бірлігін сақтау».