«Дизайн және инженерлік графика» кафедрасы бойынша «Менің елім» атты көрме өтті.

  «Дизайн және инженерлік графика» кафедрасы бойынша Қазақстанымыздың тәуелсіздігіне орай 11.12.2019. жылы бас ғимаратта «Менің елім» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмені «Дизайн және инженерлік графика» кафедрасының меңгерушісі Ә.К. Бәйдібеков басқаруымен, және аға оқытушымыз Т.Ә.Анарбеков ат салысып ұйымдастырды. Кафедрадан профессор оқытушылар құрамынан К.М.Бегімбайдың жұмыстары қойылды.

Көрменің ашылуына көптеген жоғары лауазымды, беделді қонақтар келіп, картиналарды тамашалап, ризашылығын білдірді. Кеш қонақтары Елтаңбаның авторы Ж.М.Малибеков пен С.Сапиев  көрменің ашылуына үлесін қосты.

 

Көрмеде «Дизайн және инженерлік графика» кафедрасы бойынша оқытушылар мен студенттердің жұмыстары қойылды.

Көрмеге қойылған жұмыстар әлемдік  өркениет дамуындағы қазақ мәдениетінің, оның ішіндегі  қазақ халқының,   көркем өнері мен этнодизайнының қалыптасуы жайында бейнеленген картиналар қойылды.