«Дизайн және инженерлік графика» кафедрасында ғылыми-педагогикалық магистратураға түсуге үміткерлер мамандық бойынша емтихан тапсырды

   2020 жылдың 21 шілдесінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «М035 – Сән, дизайн» бiлiм беру бағдарламасы тобына түсуге арналған «Дизайн жобалау – клаузура» шығармашылық емтихандары басталды.

Шығармашылық емтихандар өткізу аудиториясына жіберу санитарлық нормаларды (температураны контактісіз термометрлермен тексеру, масканы, қолғапты міндетті түрде кию) және әлеуметтік қашықтықты (2 метр) сақтай отырып жүзеге асырылды. Емтихан тапсырушыларды аудиторияға отырғызу әлеуметтік қашықтық шарттарымен жүргізілді. 23 шілде «Ауызша презентация» шығармашылық емтиханы өтеді.

Емтихан комиссиясының құрамы: «Дизайн және инженерлік графика» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.д., профессор А.К.Байдабеков., п.ғ.к., профессор Бегімбай К.М.,  п.ғ.д. Самуратова Т.К., п.ғ.к., доцент Садыкова Ж.М. қатысты. Магистратура үміткерлері емтихан сұрақтарын толық көлемде ашып, комиссия мүшелерінің сұрақтарына жан-жақты жауап берді.

 

 Емтихандар артта қалды, ал алда үміткерлердің комиссия мүшелерімен сұхбаттасуы қалды, одан кейін барып нәтижелер белгілі болады. Барлық үміткерлерге сәттілік тілейміз! Бізбен бірге болыңыздар.