Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева

Основан 1996 году

Архитектурно-строительный факультет


«Дизайн және инженерлік графика» кафедрасының студенттерін марапаттау



«Дизайн және инженерлік графика» кафедрасының студенттері Ресей Федерациясы, Новосібір қаласында өткен «Люблю тебя мой край РОДНОЙ!» атты Халықаралық әлеуметтік маңызы бар плакаттар байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Байқаудың қазылар алқасында Новосібір мемлекеттік педагогикалық университеті Өнер институтының директоры В.С. Елагин, А.П. Чехов атындағы Жастар орталығының директор орынбасары М.В. Богданова, «Солярис» Новосібір балалар мен жасөспірімдер қоғамдық ұйымының вице-президенті В.М. Копылов, Новосібір мемлекеттік педагогикалық университеті Өнер институтының Сурет, кескіндеме және көркемөнер білімі кафедрасының доценті К.А. Кравченко, «Кировский» атындағы балалар шығармашылық үйінің жетекшісі Т.П. Милешенко, Ресей дизайнерлер Одағының мүшесі, доцент, Новосібір мемлекеттік педагогикалық университеті Өнер институтының Дизайн кафедрасының кафедра меңгерушісі О.Г. Семенов, Ресей суретшілер Одағының мүшесі, п.ғ.д., профессор, НМПУ Өнер институтының Сурет, кескіндеме және көркемөнер білімі кафедрасының меңгерушісі О.В. Шаляпиндер кірген.

Марапаттау рәсімін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Сәулет-құрылыс факультетінің деканы Баймуханов Сериктай Какенович пен «Дизайн және инженерлік графика» кафедрасының меңгерушісі Байдабеков Ауез Кенесбекович жүргізді.

І дәрежедегі дипломмен 5 курс студенті Барлыбеков Мақсат «Мәдениет - халықтардың үйлесімділік пен жетілу жолы» атты жұмысына марапатталды. Жетекшісі аға оқытушы Тусуппекова Шолпан Мукаметкановна.


ІІ  дәрежедегі дипломмен 5 курс студенті Айдын Айжан «Біз күннің балаларымыз» атты плакатына марапатталды. Жетекшісі аға оқытушы Рахимжанова Гульнур Балтабековна.