Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева

Основан 1996 году

Архитектурно-строительный факультет


«Геодезия және картография» кафедрасының студенттері Сочиден жеңіспен оралды.

2018 жылдың ақпан-сәуір айларының арасында еліміздің алдыңғы қатарлы университеттерінің студенттерінің арасында «HERE Kazakhstan» компаниясының ұйымдастырумен онлайн цифрлық картографиядан халықаралық олимпиадаға жолдама алу үшін байқау жарияланды. Байқауға әр университеттен 50-ге жуық студенттер қатысты. Еуразия ұлттық университетінің «Геодезия және картография» кафедрасының 2 және 3 студенттері Аманбаев Болат және Өтемуратова Ару осы байқауға қатысып, 97 000 және 45000 онлайн өзгертулер жасап, өздерінің үздік екенін дәлелдеп Ресей Федерациясының Сочи қаласында өтетін халықаралық олимпиадаға жолдама ұтып алды. Студенттердің арасынан үздіктен үздік атанып Аманбаев Болат және Өтемуратова Ару 28 тамыз және 4 қыркүйек арасында Сочи қаласына барып келді. Сочи қаласындағы олимпиадаға Беларусь, Әзербайжан, Армения және т.б. алдыңғы қатарлы елдерден қатысушылар келді. Олимпиада бағдаламасы бойынша далалық және камералдық картографиялық жұмыстар беріліп, топтық жарыстардың нәтижесінде «Геодезия және картография» кафедрасының студенті Аманбаев Болат жүлделі 1 орынға ие болды, ал Өтемуратова Ару олимпиададағы белсенділігі үшін сертификатпен марапатталды. 

18 қыркүйек күні «Геодезия және картография»  кафедрасында «HERE Kazakhstan» компаниясының  директоры Нуртазина Ажардың және оқытушалыр құрамының қатысуымен, олимпиадаға қатысқан студенттер жасаған жұмыстарына қарай 5000 және 10 000 онлайн өзгертулер енгізгені үшін «HERE Kazakhstan» компаниясының сертификкаттары және сыйлықтарымен марапатталды.