Кураторлық сағат

Сәулет-құрылыс факультетінің өндірістік және азаматтық құрылыс технологиясы кафедрасында топ кураторы Смағұлова Рая Қапанқызы жетекшілігімен  ТПГС-41 тобы студенттерінің қатысуымен «Экспо- болашаққа нық қадам» атты кураторлық сабақ өткізілді. Кураторлық сабақ Қазақтың бір туар Ханы Абылайдың «Білекке сенген заманда, ешкімге есе бермедік, білімге сенер заманда, қапы қалып жүрмелік» деген қанатты сөзіне негізделе отырып жүргізілді. Сырға толы экспо тарихтары мен таңғалдырарлық жаңалықтарымен отырған көрермендерге мағлұмат бере отырып, топ студенттері құлақпен естіген емес, көзбен көрген, көңілге түйген эксподан алған әсерлері мен  бұл Халықаралық көрменің еліміз үшін қаншалықты маңызды шара болғанын бірнеше рет атап өтті. Тобымыздың белсенді студенттері екіге бөлініп, «Экспоның елімізге алып келген пайдасы мен зияны» атты тақырыпта пікірталас өткізіп, тапқырда, ұшқыр ойларымен топ арасынан экспоның пайдасы туралы айтқан топ оза шықты.

 

“Э врика” деп қазағым жар салады,

 К үллі әлем бізге әлі тамсанады.

 С әуле, Мөлдір, Қуаттың күшін көріп

 П авильонда сан қызыққа бас ұрады.

 О тан үшін жастарда атсалысып,

 Ордамыз Астанада бас қосады -деп  тобымыздың ақын студенттері экспоға арнап жүректен шыққан өлең шумақтарын тарту етті.

  

   «Өздеріңдей ұландары бар елдің,

    Ешқашан да төмендеуге тиісті емес жалауы»,- деп ақынымыз М.Шаханов айтқандай, тобымыздың Әсемгүл, Мұрат сынды студенттері бұл шараға еріктілер болып, келген шетел қонақтарына қолдарынан келгенше көмектесіп, еліңе аянбай еңбек еткен. Айтылған пікіріміздің нәтижесін, Журабеков Жаснұр, экспо жайында жалпы статистика келтіріп кетті. Кураторлық сағаттың «Астана қаласының тұрғындарымен сұхбат» атты айдарында, 3 жасаралық буынындағы тұрғындардың ойларын біліп, студенттер осы көптің айтқан пікірлерімен қосылып, тағы да алып қосар пікірлерін ортаға салды.

 

    Ел болашағы жастардың қолында екенін, сондай-ақ “елім” десе еміреніп, алашым десе «аһ» ұратын жастардың эксподағы ұсынылған жобалардың болашаққа жаңалық етер біз екенімізді айтып ,төрткүл әлемнің төрт бұрышында көк байрақты желбірететін, пайдасын тек халқыңа келтіретін, биік рухты жастар болайық деп қорытындылады.