Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева

Основан 1996 году

Архитектурно-строительный факультет


Лучший студент 2018 года

 

 

        

           Акатаев Бауыржан Куанышевич

           1997 жылы 23 қаңтарда Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласында дүниеге келген.

        2003-2009 жылы Үшарал қаласы қазақ-гимназиясында, 2009-2014 жылдары Талдықорған қаласы «Білім инновациялық лицейінде» білім алып, «Алтын белгі» төс белгісіне ие болды. 2014 жылы Астана қаласы Еуразия ұлттық университетіне, «Сәулет-құрылыс» факультетіне оқуға түсті.

         2012 жылы өткен лицей ішілік Ержігіт байқауының «Білімді жігіт» номинация иегері, қалалық «М.Жұмабаев оқулары» байқауының 1 орын иегері, физикадан өткен KATEV білім олимпиядасының қатысушысы, мемлекетаралық түрікше үйрету бөлімінде (Uluslararasi turkce ogretim dernegi) «B1 Ortа seviye 1» дәрежесін абыройлы тәмәмдап, 9 сыныпты «Қызыл аттестациямен» аяқтады.

         2013 жылы қалалық және обылыстық «Дарын» ғылыми жобасында «Қоршаған орта және адам денсаулығын қорғау» тақырыбы бойынша 1 орын иегері, республикалық жарыстың қатысушысы, Ұлы Отан соғысының 68 жылдығына орай ұйымдастырылған «Жасұлан» әскери-спорттық ойындарында 2 орын алды.

         2014 жылы өткен Жарқын болашақ VI республикалық KATEV қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезегінде «Сөз шебері» байқауында 2 орын алып, алғыс хатпен марапатталды. Жаратылыстану-математика бағыты бойынша өткен VI республикалық  Президенттік олимпиадасының қатысушысы. Мемлекетаралық түрікше үйрету бөлімінде (Uluslararasi turkce ogretim dernegi) «С1 Ileri seviye 1» мен қатар Pre-intermediate дәрежелерін бітірді, IELTS – 5.0. Лицей уақытында «өзін-өзі басқару» кезінде өзінің ұйымдастыру жағымен, үлгілі тәртібі мен білімі арқылы көзге түскен ол, 2014 жылы «Лицей Президенті» номинациясына ие болы. Сөйтіп мектеп табалдырығын осы жылы ЕНТ-дан 119 балл алып, «Алтын белгі» төс белгісімен аяқтады,алғыс хаттармен марапатталды.

         Жастайынан білімге де, спортқа да қызыққан Бауыржан Қуанышұлы, тек мектеп қабырғасында ғана емес, сонымен қатар университет қабырғасында да осы жетістіктерін жалғастырып келеді. Оған дәләл ретінде 2014 жылы өткен «Алтын белгі» қауымдастығы ұйымдастырған «А» интелликтуалды ойының, «Үміт жобасы, Астана 2016» семинарларына қатысушысы болды. 2016 жылы өткен қалалық «La langue etrangere comme le moyen de la communication interculturelle» француз тілі бойынша 2 орынға ие болды, алғыс сертификатымен марапатталды. 2015 жылы ЕҰУ Әскери кафедрасына түсіп, 202 оқу взводының командирі атанды. 2015-2016 жылы әскери кафедрағы әскери патриоттық жұмыстарды ұйымдастыруға белсене қатысқаны үшін, жастарға үлгі боларлықтай әскери тәртібі үшін «Құрмет грамотасымен» марапатталды. 2017 жылы BI GROUP компаниясына «Стажер» бағдарламасы бойынша жұмысқа алынды.

         ЕҰУ өтетін, Дәстүрлі «Ер Жігіт – 2017 » байқауында 3 орын алып,  университеттің қоғамдық өміріне белсене қатысып, жастар арасында мәдениет пен өнерді дамытуға ат салысқаны үшін алғыс білдірілді. Сол жылы «Шаңырақ студенттік театрының» бір мүшесі болып қабылданды. Аз уақыттың ішінде екі қойылымда(Желсіз түнде жарық ай – елес Абай ролінде, Бір түп алма ағашы – ағасы Ерғали) ойнап, алғыс хаттармен марапатталды. 2017 жылы Жас Отан жастар қанатымен ұйымдастырылған «GOLDEN MIDDLE» жарысында кештің Карольі  атанып, Түркияның Стамбұл  қаласына жолдаманы ұтып алды. 2018 жылы Астана қаласында өткен қалалық «Астана, жүрегімсің» байқауына қатысып, «Астана қаласының Қозы көрпеші» номинациясына ие болып, бас жүле 50000 тг ұтып алды.

         2015 жылы өзінің білімге деген ынтасы арқылы, «Тайбурыл» степендиясын жеңіп алды. 4 курсқа дейінгі жоғары білім көрсетті, GPA бағасы бойынша орталама - 3,96 (4,0 баллдан). Мамандығына байланысты, оқумен қатар програмаларды да оқуды жалғастырды. 2017 жылы «СМЕТА РК 2016» бағдарламасын жетік меңгеріп шықты.

      Оқушы кезінде ерекше жақсы көрген спорт түрі – дзюдо. Дзюдо күресін аудандық, обылыстық, республикалық дәрежелерде өткен жарыстарда жүлделі орындарға ие болған ол, белгілі жараққаттарға байланысты біраз уақыт күресуді тоқтатқан болатын. Арада уақыт  сала 2017 жылы Астана қаласында өткен қалалық ерлер мен әйелдер арасындағы дзюдо күресінен 90 кг 3 орынға ие болды, Талдықорған қаласында болған республикалық турнирдің қатысушысы.

         2014-2018 жылы университет қабырғасында ТПГС – 45 тобының 4 жыл старостасы болып, группа ішінде өткен марапаттауда «Жыл студенті» номинациясын алды.

         2017 жылы желтоқсан айында Астана фильм академиясында курстарға барып, Асыл арнада  болатын, қысқа метражды «Тәлім Тренд» бағдарламасының «Махаббат күйігі»(Арман деген жолдас баланың рольінде) және «Құдағилар қарым-қатынасы»(күйеу жігіт) тәрбиелік фильмдерінде түсті.(youtube каналдарынан көре аласыздар) 

         Қазіргі таңда Астана қаласы,ЖК Экспо бульвард,  Қабанбай батыр 58 Б, № 222 пәтерде тұрып жатыр. Word документімен қоса архивтелген, жоғарғы сөздеріме дәлел болатын сертификаттар, алғыс хаттар мен фотолар жіберілді.