Сәулет-құрылыс факультетінің студенттермен өткен онлайн жиналыс есебі

Сәулет – құрылыс факультетінің студенттермен өткен онлайн жиналыс есебі 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті , Сәулет – құрылыс факультеті және кафедралары арасында 2020 жылдың 7-9 сәуір аралығында Жоғары оқу орындарының қашықтықтан оқуға ауысуына байланысты бакалавр және магистранттармен кездесу жаңа форматта ZOOM электронды платформасында өтті.

 Факультет жиналысы 2020 жылдың 7 сәуірі күні сағат 15:00 де СҚФ деканы С.К. Баймуханов, декан орынбасарлары және ПОҚ қатысуымен болды

Білім алушылардың көңіл күйлері жақсы, қашықтықтан оқуға үйренісіп қалғандарын айтты. Бірақ университетке деген сағыныштарын жасыра алмады.

Сондай – ақ кездесу барысында өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, толық жауап ала алды.

Қойылған сұрақтар:

1.    Қашан карантин аяқталады екен?

2.    Сессия қашан басталады?

3.    Карантин созылатын болса онлайн сессия қалай тапсырамыз?

4.    Жатақханада қалған киім – кешектерімізді қалай, қашан алып кетуге болады?

5.    Жатақханаға төленген ақша қайтарыла ма?

6.    Ауырып және белгілі бір себептермен қатыса алмаған сабақтарымызды (платонусты) қалай аштыруға болады?

7.    Алыс ауылды жерде тұратын білім алушылар платонусқа дер кезінде жұмыстарын жүктей алмай жатыр. Сол себептен 0 деген баға алып жатыр оны қалай түзетуге болады?

8.    Егер жазға қалып қойсақ қалай тапсырамыз?

9.    Студенттер жазда өндірістік тәжірибені қандай форматта өтеді?

10.   Магистранттар қалай диплом алады?

Студенттер осы және басқа сұрақтар бойынша толық ақпарат ала алды.

Сонымен қатар онлайн – конференция барысында әр топ старостасы өз академиялық тобындағы студенттердің қашықтықтан оқыту жүйесіне қатысу белсенділігі, онлайн дәрістерге қатысу, АИС Platonus жүйесінде  тапсырмаларды орындау қиындықтары туралы да айтты.

Сөз соңында факультет деканы мен кафедра меңгерушілері  студенттерді, ең алдымен, өздерін мұқият болуға, карантинге қатысты ұсыныстарды байыпты қабылдауға, сабаққа дайындалуға, уақытында оқытушылармен байланыста болуға, үй тапсырмаларын орындауға және ғылыми әдебиеттерді көбірек оқуға шақырды.