«Дизайн және инженерлік графика» кафедрасында магистратураға үміткер талапкерлерге шығармашылық емтихандары өтті

 «М035 - Сән, дизайн» білім беру бағдарламасы тобы бойынша 2022 жылдың 19-22 шілде аралығында еліміздің әр түкпірінен келген ғылыми-педагогикалық магистратураға түсуге үміткерлер қазақ және орыс топтары бойынша «Клаузура-дизайнын жобалау» және «Ауызша презентация» екі шығармашылық емтихандары өтті. 

      2022 жылдың 19 шілде күні үміткерлер «Клаузура-дизайнын жобалау» ал 22 шілдеде  «Ауызша презентация»  шығармашылық емтиханын тапсырды. «Клаузура-дизайнын жобалау»  шығармашылық емтиханның ерекшелігі магистратураға түсуші емтихан билетін алып, екі теориялық сұрақ пен клаузура салуға тақырып алды. «Ауызша презентация» емтиханда магистратуға үміткер ғылыми реферат презентацияны қорғайды. Жалпы биыл магистратураға үміткерлер саны 21 адам тапсырды. Шығармашылық емтихандардың «М035 - Сән, дизайн» білім беру бағдарламасы тобы бойынша  емтихан комиссиясының құрамы: «Дизайн және инженерлік графика» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.д., профессор А.К. Байдабеков, т.ғ.д., У.К. Кусебаев, т.ғ.д. С.М. Базарбаева және т.ғ.к., доцент Ж.Б. Байжанова қабылдады. Шығармашылық емтихандарды өткізу үміткерлердің жеке басын анықтайтын құжаттарын тексеріп, аудиторияларға отырғызу жұмыстары жүзеге асырылды. 

    Бұл емтиханның негізгі мақсаты келешек дизайнерлердің теориялық білімдерін және клаузураны салу шеберлігін қаншалықты меңгергендігін анықтау. Емтихан кезінде шығармашылық емтихан магистратураға түсушілердің баяндамалары тыңдалып, сұрақтарын қойып отырды. Емтиханның бағалау критерийлері бойынша тандаған тақырыптың мазмұнына, дизайнерлік стиліне мән берілді. Магистратураға үміткерлері емтихан сұрақтарын толық көлемде ашып, шығармашылық емтихандардың комиссия құрамының сұрақтарына толық жауап берді. Сонымен магистратураға, яғни «М035 - Сән, дизайн» білім беру бағдарламасына түсуге үміткерлердің көпшілігі өздерінің жоғары дайындықтарын көрсетіп «өте жақсы» деген бағаға ие болды.