2022 жылдың 9-12 шілде аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, "Дизайн және инженерлік графика" кафедрасында "В031-Сән дизайн" білім беру бағдарламалары тобына түсетін талапкерлерге арналған шығармашылық емтихандары өткізілді. Талапкерлер екі шығармашылық емтиханнан 5-6 шілде аралығында шығармашылық емтихандарға дайындалу бойынша кеңестер өткізілді. Шығармашылық емтихандарды қабылдаудан 2 күн бұрын пәндік комиссия талапкерлерге арналған тиісті нұсқама өткізіп, емтихан тапсыру рәсімі мен мінез-құлық ережелерін түсіндірді.

9-10 шілде күні "Сурет" және 11-12 шілде күні "Сызу" пәндерінен шығармашылық емтихандарына республиканың әр өңірінен жалпы 140 талапкер қатысты. Емтихан басталар алдында пәндік комиссия мүшелері, оқуға түсетін талапкерлердің жеке басын куәландыратын құжатын тексеруі жүзеге асырылды. Талапкердің жеке басын сәйкестендіру рәсімінен кейін шығармашылық емтихан сағат 9.00-де басталып, талапкерлер көрсетілген тапсырма гипс басын салу, және сызу пәнінен емтихандары 3 сағаттан өткізілді. Емтихан бойы тапсырушыға бақылау жұмыстары жүргізіліп отырды. Шығармашылық емтихан аяқталған соң, талапкерлердің жұмыстары тексеріліп бағалары қойылды.