Бүгін, 2022 жылдың 18  наурызда сағат 11:00-де "Сәулет құрылыс" факультетінің  5 қабатының атриумында наурыз мерекесіне арналған  "Наурыз келсе – құт келгені" атты шығармашылық көрмесі өтті, онда студенттер мен магистранттардың шығармашылық жұмыстары ұсынылды.

 

Көрменің салтанатты ашылуына университеттің «Сәулет-құрылыс» факультетінің деканы, т.ғ.д., профессор Толқынбаев Темірхан Анапияұлы  және "Дизайн және инженерлік графика" кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор Байдабеков Әуез Кеңесбекұлы  білім алушыларға құттықтау сөз сөйледі.

Көрмеге 80-нен астам жұмыс қойылды. Экспозицияда наурыз мерекесіне арналған жұмыстар ұсынылды. Жұмыстар орындау шеберлігімен, дизайнның өзіндік ерекшелігімен таң қалдырды және экспозиция үлкен ықыласпен және сүйіспеншілікпен жасалған.

 

Көрмеге «Сәулет құрылыс» факультетінің барлық оқытушылары мен студенттері қатысты. Келушілер өнердің жаңа көрінісі мен атмосферасына енуге ерекше мүмкіндік алды. Көрмені ұйымдастырушылар қатысушылар мен қонақтар үшін шығармашылық атмосфера құра алды.

 

Болашақ жас дизайнерлердің жұмыстары туралы көптеген оң пікірлер айтылып жатты, сонымен қатар болашақ дизайнерлерге көрмеге  қатысты көптеген тілектер болды.