23.05.2022-11.06.2022 аралығында “Дизайн және инженерлік графика” кафедрасының  «Дизайн»  мамандығы   бойынша 1 курс білім алушыларына «Оқу практикасы» (плэнерлік, өлшеу) басталып, жүргізілуде. 2.06.2022 бастап практиканы жалғастыруға Түркістан қаласына жол тартты.

 Практиканың жетекшілері Рахимжанова Г.Б., Тусупбекова Ш.М., Анарбеков Т.А., және практикаға жауапты Бутабекова А.С. 1 курс білім алушыларына практиканың жүргізілуі барысымен таныстырылды.

Плэнерлік практика бойынша 70-тен аса жұмыстар салынып, есеп тапсырылуы қажет екені айтылды.

1. Шөптер, жапырақтар әр түрлі формада, гүлдер.

2. Ағаш түрлері

3. Тастар, үйлер, өзен, көлдер

4. Жан-жануарлар

5. Пейзаж

6. Наброск (нобайлар).

7. Қысқа мерзімді этюдтер

8. Ұзақ мерзімді пейзаждар.

Білім алушылар Түркістан қаласының Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ түрік университетіне барып  жазғы практиканы өтуде.

    Мұндай алыс сапарға шығып практика өту білім жүйесін сәтті қызықты жалғастыруға жақсы мүмкіндіктер береді.