2022 жылдың 26 наурыз күні «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ «Талапкер-2022» атты Ашық есік күнін өткізді. Ұйымдастырылған шараға университет басшылары, факультет декандары, кафедра меңгерушілері, профессор-оқытушылар, мектеп бітіруші түлектер мен ата-аналар қатысты. Кездесуге Қарағанды, Павлодар, Атырау, Ақмола  облыстарынан, Тараз, Ақтау қалаларынан, Республикалық физика-математика мектебі, Білім иновациялық лицейі, Экономикалық лицей, «Binom» мектептерінен және Нұр-Сұлтан қаласының 89 мектебінен 600-ге тарта мектеп бітіруші түлектер жиналды.

     Мектеп түлектеріне «Дизайн және инженерлік графика»  кафедрасының профессор оқытушылары: аға оқытушы Тусупбекова Шолпан Мукамедкановна., т.ғ.к., Кусебаев Уалихан Кажиакбарович., аға оқытушы Белесарова Бакыт Бахтияровна және оқу шебері Атыханова Ақерке жоғары оқу орнының білім беру бағдарламалары туралы кеңінен ақпарат беріп, шығармашылық емтиханның өтілуі барысымен таныстырып өтті.  Сондай-ақ ҰБТ-ның жаңа форматы туралы, еліміздің жоғары оқу орындарына қабылдау Ережесіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы да мағлұмат берілді.

        Жоғары оқу орнының білім беру бағдарламаларымен оқушылар фойеде танысуға мүмкіндік алды, онда факультеттің арнайы көрмесі ұйымдастырылып, университеттің білім беру және ғылыми жетістіктері көрсетілді. Әсіресе, шараға қатысқан шығармашыл тұлғалар дизайн мамандығында оқитын студенттердің жұмыстарының көрмесіне қызығушылығын тудырды. 

    Ашық есік күнінің алғы сөзін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Басқарма мүшесі-әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Дихан Қамзабекұлы бастады: «Әр адамның өміріндегі маңызды кезең – бұл мамандық таңдау. Бала кезімізден бастап біз болашақта кім болуды армандаймыз. Болашақ мамандықты таңдау – болашаққа өз жолыңызды және кәсібіңізді таңдау. Мұндай таңдау әсіресе мектеп бітіретін жастар үшін ғана емес, олардың ата-аналары үшін де қиын мәселе.

      Мектеп бітіруші түлектерге арналған іс-шарада құттықтау сөз кезегі Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің академиялық мәселелер департаментінің директоры Қашқынбай Байжұман Балтабайұлына берілді. Мамандық таңдау дегеніміз – өмір жолыңыз бен болашақ кәсібіңізді таңдау. Сондықтан осындай сәтте мектеп бітірушілер үшін ғана емес, ата-аналар үшін де қиын. Университетте профессорлық-оқытушылық құрам – 1500 адам. Оның 70%-і ғылым докторы, кандидаттар мен Phd докторлары. Біздің оқытушылар - өз ісінің нағыз шеберлері, оқу процесінде олар оқытудың заманауи құралдары мен әдістерін пайдаланады. Білім алушыларға теориялық дағдыларды алуға ғана емес, сонымен қатар практикада тәжірибе алуға мүмкіндік береді. Оқытушылардың жетекшілігімен білім алушылар оқудың бірінші курстарынан бастап ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Келесі кезекте Жоғары оқу орындарға қабылдау ережелері туралы ақпаратты университеттегі Кәсіптік бағдар беру және тестілеу орталығының жетекшісі Қоқаев Өміржан Шералыұлы таныстырып өтті. Сонымен қатар, іс-шарада 2022 жылдың аймақтық пәндік олимпиадасының жүлдегерлері марапатталып университеттің имиджік өнімдері табысталды. Атаулы іс-шара университеттің «Jastar» орталығының ұйымдастыруымен концерттік бағдарламалар қойылып өз мәресіне жетті.

Жалпы ашық есік күні жоғары деңгейде ұйымдастырылып, талапкерлер өздеріне қажеттісін алды.