Күлтегін атриумында университеттің туған күніне байланысты "Студент шабыты" атты шығармашылық көрмесі өтті

Бүгін, 2022 жылдың 23 мамырда сағат 10:00-де «Дизайн және инженерлік графика» кафедрасының ұсынуымен Күлтегін атриумында университеттің туған күніне байланысты "Студент шабыты" атты шығармашылық көрмесі өтті. Онда 1,2 курс студенттерінің шығармашылық жұмыстары ұсынылды.

Көрменің салтанатты ашылуына университеттің Басқарма мүшесі әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Дихан Қамзабекұлы және "Дизайн және инженерлік графика" кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор Байдабеков Әуез Кеңесбекұлы  білім алушыларға құттықтау сөз сөйледі.

Көрмеге 30-дан астам жұмыс қойылды. Экспозицияда майлы бояумен орындалған пейзаж, натюрморт, портрет жанрындағы жұмыстар ұсынылды. Жұмыстар орындау шеберлігімен, дизайнның өзіндік ерекшелігімен таң қалдырды және экспозиция үлкен ықыласпен және сүйіспеншілікпен жасалған.

Келушілер өнердің жаңа көрінісі мен атмосферасына енуге ерекше мүмкіндік алды. Көрмені ұйымдастырушылар қатысушылар мен қонақтар үшін шығармашылық атмосфера құра алды.

Болашақ жас дизайнерлердің жұмыстары туралы көптеген оң пікірлер айтылып жатты, сонымен қатар болашақ дизайнерлерге көрмеге  қатысты көптеген тілектер болды.